Үкіметтік комиссия Ұлытау облысындағы шахтадағы апат орнын тексерді

Үкіметтік комиссия Ұлытау облысындағы шахтадағы апат орнында зерттеу жүргізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Оның құрамына облыс әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Арынов, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов, Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, сондай-ақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Рашид Дубаев кірді.
Комиссия мүшелері шахтадағы жағдаймен танысып, тергеу барысын бақылап, қаза болған шахтерлердің отбасыларына алғашқы көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Канат Бозымбаев штаб отырысын өткізіп, марқұмдардың жақындарымен кездесу өткізетіні хабарланды.
Еске салайық, 17 ақпанда Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданындағы "Казақмыс" корпорациясына тиесілі шахтада кен массасының опырылып түсуі салдарынан жеті жұмысшы үйінді астында қалып, қаза тапқан болатын. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі – "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға шахтадағы апаттың себептерін толық зерттеуді тапсырды.
Соңғы жаңалықтар





