Укрина АҚШ үшін екінші Ауғанстанға айналуы мүмкін

Укрина АҚШ үшін екінші Ауғанстанға айналуы мүмкін
22.07.2025 12:14
0
135
Global Look Press

АҚШ президенті Дональд Трамп үшін Украина елі Ауғанстан секілді күрделі мәселеге айналуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

«Украина Трамп үшін Ауғанстан қандай болса, сондай проблемаға айналуы мүмкін», – делінген басылым жариялаған мақалада.

Басылымның жазуынша, бір қарағанда, АҚШ-тың Украинадағы араласуы мен Ауғанстандағы жиырма жылдық соғыстың арасында айқын ұқсастық жоқ. Дегенмен, бұл жағдайдың кей тұстары Ауғанстанмен ұқсас сипатқа ие болуы мүмкін. Қақтығысты шешу — оңай тапсырма емес, және уақыт озған сайын, жауапкершілік деңгейі артып келеді, — деп атап өтті Bloomberg.

Дональд Трамп Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Мәскеуге қатысты ұстанымына көңілі толмайтынын білдірді. Ол ультиматум жариялап, егер 50 күн ішінде соғыс қимылдары тоқтамаса, АҚШ Ресей мен оның әріптестеріне қарсы екінші деңгейлі 100 пайыздық тарифтер енгізетінін мәлімдеді.

Трамптың бұл мәлімдемесіне Украинаның Жоғарғы Радасының бұрынғы депутаты Олег Царёв пікір білдірді. Оның айтуынша, АҚШ-тың сауда баждарына қатысты ультиматумы Ресей үшін тиімді болуы мүмкін. Царёв атап өткендей, Ресейлік әскери қолбасшылық күзге қарай майдандағы жағдайдың өзгеруін күтуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий