Ұлдана Мырзуанның соты онлайн көрсетіледі

18.08.2026 16:38 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Ұлдана Мырзуанның соты онлайн көрсетіледі
186

Қызмет барысында көз жұмған 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның сотын тікелей эфирде көруге болады, деп хабарлайды Politico.kz.

Астанада өтіп жатқан алғашқы сот процесі бүгін, 2026 жылғы 18 тамызда сағат 15.00-де басталды.

Жоғарғы соттың хабарлауынша, қоғамдық қызығушылықты, қатысушылардың пікірін және жәбірленуші тараптың өтінішін ескерген сот отырысты ашық көрсетуге қаулы етті. Трансляцияны Жоғарғы соттың YouTube арнасынан көруге болады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылдың 8 қарашасында болды. Ұлдана Мырзуан жұмыс істеп жүргенде ғимарат қасбетінен кірпіштер мен кондиционер бекіткіші құлаған. Салдарынан ол ауыр жарақат алып, 18 қарашада қайтыс болды.

Іс Қылмыстық кодекстің 254-бабының 1-бөлігі, яғни "міндеттерге салғырт қарау" бойынша қаралып жатыр. Айыпталушы ретінде кондиционер құлаған үйдің мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрайымы Сәуле Жұбаниязова сотқа тартылды.

Жәбірленушілердің адвокаты қылмыстық іс аясында алты адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Олардың қатарында марқұмның анасы, оқиғадан 8 ай өткен соң үйленген күйеуі Әділет және басқа да тұлғалар бар.

Войдите, чтобы оставить комментарий