"Үлгермедің...": Жаңаөзенде кісі қолынан мерт болған дәрігердің қарындасы елді жылатты
Жаңаөзен қаласында аурухана дәлізінде кісі қолынан қаза тапқан 29 жастағы терапевт-дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевтің қарындасы Меруерт Жамбылқызы марқұм ағасын еске алып, әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
«Тым көп сынақты бастан өткіздің. Қарап отырсам, той да көрмепсің. Сондағы ақкөңіл жүрегіңмен бәріне көмектесіп жүріп, өзіңді ойламадың-ау… Бірге қыдырып үлгермедік. “Балам, отбасым” деп жүріп, сондай зұлымдарға тап болғаның-ай… Сенің мейіріміңді пайдаланып істеген істерін ешқашан кешірмейміз. Барлығын! Қош бол, ағам. Жаның жәннатта болсын», – деп жазды қарындасы.
Айта кетейік, қайғылы оқиға Жаңаөзен қаласындағы қалалық көпбейінді аурухананың дәлізінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз ер адам терапевт-дәрігерге суық қарумен шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ сұққан. Нұрдәулет Аманғалиев алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...