«Үлкен пакет»: Ақбаян мен Сұлтанның бұрын жарияланбаған видеосы сотта көрсетілді

05.06.2026 11:40 Мөлдір ҚАЙНАР
«Үлкен пакет»: Ақбаян мен Сұлтанның бұрын жарияланбаған видеосы сотта көрсетілді
500
Фото: коллаж politico.kz

Атыраудағы атышулы қылмыстық іс бойынша сот отырысында жаңа бейнежазбалар ұсынылды. Іс материалдарын зерттеу кезінде Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа барған сәті түсірілген бақылау камерасының видеосы көрсетілді, деп забарлайды Politico.kz.

Бейнекадрларда ер адамның қолында көлемді пакетпен ломбардқа кіріп-шығып жүргені байқалады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол сол жерде алтын бұйымдарды өткізген болуы мүмкін.

Сот барысында айыпталушы өзіне тағылған кейбір айыптарды мойындағанымен, бірқатар эпизодтар бойынша кінәсін жоққа шығарды. Атап айтқанда, ол Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі қасақана кісі өлтіру емес, абайсызда болған жағдай екенін алға тартты.

Іс материалдарына сәйкес, Сәрсемәлиевке жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптама оның оқиға кезінде өз әрекетіне есеп бере алғанын көрсеткен. Сонымен қатар тергеу барысында қылмысқа өзге адамдардың қатысы бары анықталмаған.

Қазіргі таңда сотта куәгерлердің жауаптары, сараптама қорытындылары мен бейнематериалдар зерттеліп жатыр.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайының ата-анасы Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны, сондай-ақ олардың балалары Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтірді деген айыппен сот алдында жауап беріп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий