Ұлыбритания королі ІІІ Карл ауруханаға түсіп қалды

Ұлыбритания королі Карл III 27 наурыз күні ауруханаға жатқызылып, жоспарлы медициналық ем-шарадан өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Дәрігерлердің айтуынша, монархтың жағдайы алаңдауға негіз бермейді, жүргізілген процедуралар қатерлі ісікке қарсы емнің уақытша жанама әсерлерімен байланысты болған.
The Guardian басылымының мәліметінше, 76 жастағы патша ем-дом алған соң Лондондағы Кларенс-хаус резиденциясына қайтып оралған. Дегенмен, оның жұма күні Бирмингемге жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді. Бұл іссапар барысында төрт маңызды шараға қатысуы тиіс болатын.
Қазіргі таңда корольдің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында, ал сарай оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Карл III-тің сырқатына қатысты бұл жаңалық Ұлыбритания жұртшылығы мен халықаралық қауымдастық тарапынан алаңдаушылық тудырғанымен, билік өкілдері барлығы бақылауда екенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар





