«Ұлымды әскерге жібермеймін»: Белгілі блогер мәлімдеме жасады

«Ұлымды әскерге жібермеймін»: Белгілі блогер мәлімдеме жасады
19.12.2024 21:27
0
44
instagram.com/assel.askar

Танымал блогер Әсел Асқар көшеде жүрген жастарды күштеп әскерге әкетіп жатқандарға шүйлікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Әскерге күштеп апаруды қалай атайды?! Сұмдық! Мынадай жағдайдан кейін ұлымды әскерге жібермеймін. Алдымен тәртіпті дұрыстап, ретке келтірсін! Бәлкім сол кезде мынадай күйде ұятқа қалмайсыңдар!”, – деп жазды блогер. 

Еске салайық, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандарды полиция мәжбүрлеп жеткізуге құқылы екенін ескерткен еді. 

“Рейд кезінде кей азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полицей оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы. Шақыру комиссиясы жеткізілген адамдардың мәртебесін сол жерде анықтайды. Мерзімді әскери қызметке шақыруға негіз болмаған жағдайда оларды үйіне жібереді”, – деп түсіндірген еді жауапты орган. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или