Ұлытаулық айтыскер ақын екінші мәрте сотталды
Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды, деп хабарлайды politico.kz Kyn.kz-ке сілтеме жасап.
Антикор мәліметінше, Жезқазған қалалық соты облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омарға қатысты үкім шығарған. Ол музей мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз аудару арқылы 2,3 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Әнуар Омар бұрын Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы үкімімен пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, ҚР ҚК-нің 58-бабы 3, 6-бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түпкілікті жазасы тағайындалды, - делінген мәліметте.Айта кетсек, Әнуар Омар кезінде айтыскер ретінде көпшілікке кеңінен танылған. Ол кейінгі жылдары мемлекеттік қызметке ауысып, екі рет Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалған. Кейін Сәтбаев қаласының әкімі болып, Ұлытау облысы жаңадан құрылған соң басқарма басшысы лауазымына қызметке кірісті. Фото: malim.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
14:06
"Жертва" болудан ұяламын": Дана Нұржігіт тағы б...
06.11.2026
13:16
Атырауда мектепте 13 жастағы қызға пышақпен шаб...
06.11.2026
13:08
Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін өлтіріп тастады
06.11.2026
12:36
«Өзіне қол салды деп жауып тастаған»: Ақтөбеде ...
06.11.2026
12:35
«Дауысың жарамайды» деп далаға қуған: Атырауда ...
06.11.2026
12:24
"Ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ": Балжан...