ҰҚК Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталғанын растады

ҰҚК Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталғанын растады
03.09.2025 14:54
0
162
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталғанын растады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Бұл ақпаратты ҰҚК Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында растады. Нұрбол Жүнісбековке лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік тағылып отыр.

Шенеунік бұл қызметке 2025 жылдың наурыз айында тағайындалған. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ол Астана қаласында ұсталған. Шымкент қаласының әкімдігі Жүнісбековтің сол кезде еңбек демалысында болғанын нақтылады.

«Аталған дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», делінген ҰҚК-нің ресми жауабында.

Сурет: Шымкент әкімдігі

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий