"Үрейде отыр": Атыраудағы жоғалған отбасыға қатысты журналист тың дерек айтты

23.01.2026 13:20 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
692
Фото: коллаж POLITICO.KZ

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасының тағдыры қоғамды әлі де алаңдатып отыр. Ел назарындағы бұл резонансты іске қатысты жаңа мәліметті журналист Жанат Молдашова жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистің айтуынша, ол кеше Атырау облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы, генерал-майор Оңал Ботайұлымен жеке кездескен. Кездесу фото және видео түсірілімсіз өткен.

«Бұл — салтанатты жүздесу емес. Ел үрейде отырғанда келген басшы. Мен Жангелдин трагедиясына қатысты көкейдегі барлық сауалды ашық жеткізу үшін бардым. Оқиғаның басы-қасында жүргенде көргенімді, халықтың қазіргі көңіл күйін, қоғамда айтылып жатқан пікірлерді жасырмай айттым», — деп жазды журналист.

Оның сөзінше, эмоциямен айтылған пікірлер жаңа басшыға ұнамауы да мүмкін. Алайда қоғам алдындағы жауапкершілік үнсіз қалуға мүмкіндік бермеген.

«Біреулер “жаңа келген басшыға бірден сын айту орынсыз” дер. Бірақ елде қалатын — біз. Талай басшы ауысты, ал бұл қасірет халықтың жүрегінде қалды», — дейді Жанат Молдашова.

Кездесу барысында полиция департаментінің басшысы істің жоғары деңгейде бақылауда екенін жеткізген.

«Бұл қылмысты министрліктен бастап мықтап қолға алды. Іс тәулік бойы бақылауда. Жуық арада ашылады», — деп сендірген генерал-майор Оңал Ботайұлы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий