«Үш әйелім де мені сүйеді»: Бекболат Тілеухан отбасылық құпиясын жайып салды

«Үш әйелім де мені сүйеді»: Бекболат Тілеухан отбасылық құпиясын жайып салды
24.10.2025 11:06
0
548
әлеуметтік желі

Танымал жыршы әрі қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан соңғы сұхбаттарының бірінде жеке өмірі туралы ашық айтып, көпшілік назарын өзіне аударды.

Ол өзінің үш әйеліне қатысты ойын бүкпесіз жеткізіп, отбасындағы қарым-қатынас жайында шынайы пікірін білдірді. Әнші олардың қызғаныш сезімінен ада еместігін жасырмай, мұндай жағдай адам табиғатына тән екенін айтты.

“Олар мені қызғанбайды деп айта алмаймын. Қызғанады ғой. Үшеуі де мені сүйеді, жек көрмейді. Тату ұстауға тырысамын. Адамзаттың эталоны, идеалы болған пайғамбардың әйелдері де бір-бірін қызғанған ғой. Ал кешегі советтік идеологияның әсерімен өскен менің әйелдерім қызғанбайды деу — шындыққа жанаспайды. Қызғанады. ‘Бөрі арығын білдірмес’ дегендей, бұл біздің ішкі мәселеміз ғой. Қайтеміз, бұл менің тағдырым. Бірақ бір нәрсені анық білем — менің полигамды некемнен қазақ зиян көрген жоқ, Тілеухан әулеті де еш зиян шеккен жоқ,” — деді ол.

Бұл сұхбат әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып, көпшіліктің түрлі пікірін тудырды. Көпшілік оның шынайылығын жоғары бағаласа, енді бір бөлігі дәстүр мен заманауи көзқарастың үйлесімін сөз етті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий