«Үш рет тексердім»: КешYOU-дың бұрынғы құрамының сахнада масқарасы шықты

10.11.2025 10:09 Айсұлу Мұрат
«Үш рет тексердім»: КешYOU-дың бұрынғы құрамының сахнада масқарасы шықты
0
57
Коллаж: sn.kz

Әнші Назым Әбілдина музыкалық продюсер Бағым Мұхитдинова "Ғашық жүрек" концертінен кейін кейін әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ол сахнадағы техникалық ақауға байланысты қиын жағдай болғанын, бірақ көрерменнің қолдауы бәрін ақтағанын айтты.

«Әрбір өнер көрсету бір деммен өтеді. Бірақ сахна сыртында эмоциялар билеп кетеді. Бұл жолы қатты уайымдап, тіпті көзіме жас келді», — деп жазды әнші.

Назымның айтуынша, ол концерт алдында микрофонды үш рет тексерген, алайда ән басталған сәтте техникалық ақау орын алып, дыбыс өшіп қалған.

«Не де болса, тірі орындау – тірі энергия. Мұндай сәттер де өмірдің бір бөлігі», — дейді ол.

Соған қарамастан, залдағы көрермендер әншіні жылы қабылдап, ұзақ қол шапалақтаған.

«Мен үшін ең бастысы – көрерменнің шынайы қолдауы. Барлығыңызға рақмет!» — деп жазбасын қорытындылады әнші.

Жазбаның соңында ол #keshyou хэштегін қосып, топтың атынан ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий