Үш рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова күйеулері туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал әнші Ақбота Керімбекова алғаш рет үш некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Әнші жеке өміріне қатысты бар шындықты Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты.
«Ер-азаматқа өзінің міндетіңді атқар деп мүмкіндік бермедім бе? Мен әлсіз болып иілуім керек пе еді? Иілгенде де ер-азаматқа тізгінді беруім керек еді. Әйелміз ғой, аш отырса мен үйде отыра алмаймын, өзіміз жыбырлап істеп кетеміз.
Кішкентайымнан өз тірлігімді өзім істеп, үйреніп қалған адаммын. Бәлкім сол кезде еркелеп отыра беру керек пе еді? Ақшаны қай жақтан болса да тап деп. Біз егемендік алып, арпалыс кезеңінде бойжеттік қой?
Саудамен айналасып кеттік дегендей, осыған да шүкір, тәубә деймін. Ешкімге өкпем жоқ, аман болсын, бақытты болсын деймін. Өсіп-өнсін, Алладан тілеймін. Алладан қорыққаннан кейін, ешкімге ештеңе дей алмаймын.
Ең жақсы адам кешірімді адам дейді ғой, бәрін кешірдім», — деді әнші.
Соңғы жаңалықтар




