"Көп тамақ ішпейді". Бәз біреулер үш жасар баласын 6 мың теңгеге сатқысы келген

26.06.2025 11:58
0
399
© Sputnik / Виталий Аньков

Ташкентте үш жасар баланы 150 мың сумға (шамамен 6 мың теңге) сату туралы хабарландыру интернетте пайда болды. Құқық қорғау органдары бұл факті бойынша тексеру жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Finratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан астанасындағы интернет-платформалардың бірінде жарияланған бұл жарнама қоғамда үлкен резонанс тудырды. Хабарламада баланың жасы үште екені, оның "жақсы күтілгені" және "көп тамақ ішпейтіні" көрсетілген. Қоғамдық реакциядан кейін хабарландыру жедел түрде өшірілді.

Жағдайдан хабардар болған Өзбекстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі бұл деректі құқық қорғау органдарына жолдады. Қазіргі уақытта жарнаманы орналастырған тұлғаларды анықтау және оқиғаның мән-жайын тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Уәкілдің ресми мәлімдемесінде: «Баланың өмірі мен бостандығына қарсы бағытталған мұндай қылмыстық әрекеттер заң аясында қатаң әрі ымырасыз түрде жазалануы тиіс», – деп атап көрсетілді.

Аталған оқиға Өзбекстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары баланы «сатпақ болғандарға» қатысты қатаң жаза қолдануды талап етуде. Құқық қорғаушылар билікті онлайн-платформаларға бақылауды күшейтуге және балалар саудасына қатысты жазаны қатаңдатуға шақырып отыр — тіпті мұндай әрекеттер әзіл немесе арандату сипатында болса да.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий