Үш жыл бұрын ұрланған бір жастағы қыз аман-есен табылды

Үш жыл бұрын ұрланған бір жастағы қыз аман-есен табылды
19.06.2025 11:02
0
444
ашық дереккөзден

АҚШ-та үш жыл бұрын ұрланған Блессинг Вассо есімді бір жастағы қыз бала аман-есен табылды.

Блессинг 1 жасқа енді толған шағында жоғалып кеткен. Сол кезде оның анасы Эрика Чикагодағы Brighton Park орталығында есепте тұрған кезінде, қызы екеуі ізім-ғайым жоғалған. Бұл кезде қыз бала Иллинойс штатының Балалар және отбасы департаментінің қамқорлығында болған. Баланың жоғалғанын да осы мекеме полицияға хабарлаған.

Қызды іздеу жұмыстары бірнеше жылға тоқтап қалған. Алайда 2025 жылдың көктемінде полиция істі қайта қолға алып, іздеу шараларын жандандырған. Құқық қорғаушылар қыз бен анасын Калифорния не Техас штаттарында болуы мүмкін деп болжаған.

2025 жылғы маусымда іс бойынша серпіліс болды: Чикаго маңындағы бір ауданда күдіктілер байқалған. Негізгі назар аударылған сәт — екінші қабат терезесінен қараған кішкентай қыздың сырт келбеті Блессингтің жасына сай жасалған фотороботпен дәл сәйкес келуі болды.

Полиция арнайы операция өткізіп, үйге басып кірді. Қыз бала сол үйден табылып, дереу әлеуметтік қызмет өкілдеріне тапсырылды. Қазір ол қайтадан мемлекеттік қамқорлыққа алынған.

Ал анасы Эрика қашып кетуге тырысқанымен, сол жерде ұсталды. Қазір ол Кук округінің түрмесінде қамауда отыр. Оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий