«Ұшамын»: Бағым Мақсатқызының жаңа әні тыңдармандарды екіге бөлді

15.12.2025 15:20 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Ұшамын»: Бағым Мақсатқызының жаңа әні тыңдармандарды екіге бөлді
0
42
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Қазақстандық әнші Бағым Мақсатқызы «Ұшамын» атты жаңа әнін тыңдарманға ұсынды. Жаңа туындысы әлеуметтік желіде бірден қызу талқыға түсіп, түрлі пікір тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Әнші композицияны ерекше дауыс ырғағымен, сезімге толы жеткізуге тырысқан. Бірі бұл әннен еркіндік пен ішкі серпілісті сезінгенін айтса, енді бірі керісінше, сын-пікірін жасырмады. Желі қолданушыларының арасында «тыңдарман жүрегіне жетті» деген жылы лебіздермен қатар, өткір пікірлер де кездеседі.

Кейбір оқырмандар:


 «Күйеуі рұқсат бермей, торға салып қойған екен ғой, кетті, енді ұшады», «Өз-өзімен ырза, әнші болу үшін ұят жоқ болса болды», «Бұл кім өзі? Қайдан шыққан?»,  «Әншіге ұқсамайды, даусы да жоқ» деп жазды.

Соған қарамастан, жаңа әнін қолдап, сәтті шыққанын айтқандар да аз емес. «Ұшамын» — Бағым Мақсатқызының шығармашылық жолындағы кезекті қадамы. Әншінің бұл туындысы алдағы уақытта тыңдарман арасында қалай қабылданары уақыт еншісінде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий