Ұшақ апаты: тергеу үш жылға дейін жалғасуы мүмкін

Ұшақ апаты: тергеу үш жылға дейін жалғасуы мүмкін
09.01.2025 10:21
0
261
Ашық дереккөз
Дәулет Жұмабеков: "Қара жәшік – тергеу аяқталды деген сөз емес"

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Авиация инженері, отставкадағы әскери офицер Дәулет Жұмабековтің айтуынша, қара жәшікті Бразилияға жіберу – Қазақстанның дұрыс шешімі болды. Оның пікірінше, бұл шешім Әзербайжан мен Ресейдің ықпалынан тәуелсіз сараптама жүргізуге мүмкіндік берді.

"Қара жәшіктегі деректер Қазақстанға қайтарылды. Енді алдын ала есеп дайындалуы керек. Онда апаттың себептері, қалай болғаны және салдары туралы сұрақтарға жауап берілуі тиіс. Бірақ қара жәшік – тергеу аяқталды дегенді білдірмейді. Бұл тергеудің тек бір бөлігі ғана. Оқиға орны, фото-видео материалдар, баллистикалық сараптама – барлығы егжей-тегжейлі зерттеледі," – деді Жұмабеков.

Сарапшының айтуынша, әуедегі апаттарда адам шығыны болмаса, тергеу бір жыл ішінде аяқталады. Ал адам өлімі тіркелсе, тергеу үш жылға дейін созылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзағырақ жалғасуы да ықтимал.

Айта кетейік, 2024 жылы желтоқсанның 25-і күні Баку–Грозный бағытындағы ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. 29 адам аман қалып, олардың қатарында бортсеріктер мен жолаушылар бар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или