Үстінен қылмыстық іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев концертте көзге түсті
1167
Алматыда 9 желтоқсанда ақын Олжас Отардың «Ауырмайды жүрек» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оған қазақ эстрадасының бірқатар өкілдері қатысты.
Кеште сахнада Қайрат Нұртас, , Ернар Айдар, Досымжан Таңатаров, Абай Бегей, Тоқтар мен Бейбіт, Әлішер Кәрімов секілді әншілер өнер көрсетті. Сондай-ақ сахнаға Мұқасан Шахзадаев та шыққан.
Кеш иесінің желіге жүктеген видеосынан Мұқасан Шахзадаевтың сахнада ән айтып тұрған сәтін көруге болады.
Ал Досымжан Таңатаров пен бірқатар өнер иесі Мұқасанмен түскен суретін бөлісті.


Айта кетейік, бұған дейін Мұқасан Шахзадаев «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісін соққыға жықты деп айыпталғаны хабарланған еді.
Кейінірек «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.
Араға екі күн салып Мұқасан Шахзадаев әріптесін соққыға жыққаны үшін ұсталғаны хабарланды.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
23:29
Петропавл маңында жойқын өрт шықты: 110 адам ті...
11.09.2026
23:08
Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын...
11.09.2026
22:00
Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы қаза ...
11.09.2026
21:16
Ерлан Қарин қоғамдағы тәртіп пен құндылықтар мә...
11.09.2026
20:06
Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында істен ш...
11.09.2026
19:43
Астанада полицияға шағымданған әйелдің өзі жауа...