«Ұят әрі аянышты»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнаруға қатысты тың дерек айтты
3271
Жанқош Тұраровтың әйелі әлеуметтік желіде Әнару Құрманәліге қатысты тың ақпаратпен бөлісті.
Басы дауға қалған боксшының зайыбы Клара Иса Instagram-дағы парақшасына Әнарудың Жанқошқа белгісіз нөмірлермен күні-түні хабарласатынын, уақыты келгенде бәрін айтатындарын жазған.
Түнімен, Құдайдың құтты күні осындай звоноктар келеді Әнарудан. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету – тіпті ұят әрі аянышты. «Зорланған ару» есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз, - дейді Клара Иса.Сонымен қатар ол күйеуін тоқтатып, қызды полицияға ұстатып жібермей, аяп отырғанын да алға тартты.
Біз полиция шақырып, трезвый емес жағдайына қарап, ұстатып жіберсек те болар еді. Адамдыққа салынып, аяп отырмыз. Жанқошты тоқтатып отырмын. Бұл ашуланатын емес, аяйтын жағдайдағы адам ғой, қиялына ерік берген деп, - дейді боксшының зайыбы.Оған қоса Клара Иса бұл жаңалық шыққалы өзіне Әнару туралы көптеген лас ақпарат пен фото, видеолар келгенін, сабыр сақтап, ештеңені шығармай отырғанын, қызды аяйтынын және сабыр тілейтінін жазып кеткен. Сондай-ақ «Жанқоштың үйленгенін білмедім» деген Әнарудың Instagram-да бұл жұпқа бақыт тілеп жазғандарын да көрсеткен.
Соңғы жаңалықтар
19.08.2026
00:03
Жан басына шаққандағы энергиямен қамту: Қазақст...
19.08.2026
00:02
Мәдинаның жеңгесі: Аяғы ауыр әйел өзін ешқашан ...
18.08.2026
23:20
Марқұм Мәдинаның жеңгесі: Арқасында шыбық ізі б...
18.08.2026
22:48
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін жаңғырту...
18.08.2026
21:51
Азаматхан Әміртай: Үлкен соғыс болды, мені аяға...
18.08.2026
21:24
Қазақстанда Инстасамканың концерттерін өткізуге...