Үйлену тойында атыс болып, қалыңдық қаза тапты

Францияның оңтүстігіндегі Гулт қаласында үйлену тойының соңында орын алған атыс салдарынан екі адам қаза тапты, олардың бірі — қалыңдық. Тағы үш адам ауыр жарақат алды.
Жексенбі күні, беттерін бүркеген қарулы адамдар тобы той аяқталған кезде жас жұбайларға оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, қалыңдық пен күйеу жігіт кештен шыққанда шабуылдаушылармен бетпе-бет келген.
Атыс кезінде қалыңдық оқ тиіп көз жұмған, ал шабуыл жасағандардың бірі жас жұбайлардың көлігі қағып кеткеннен кейін мерт болды.
Марсель жандармериясының тергеу бөлімі бұл істі өз бақылауына алды. Полиция қылмыстық топтар арасындағы есеп айырысу нұсқасын қарастырып жатыр.
Шабуыл жасағандарды табу үшін 100-ге жуық жандарм жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаза тапқандар мен күдіктілердің жеке басы тергеу мүддесіне байланысты жарияланбай отыр.
Соңғы жаңалықтар





