Вьетнамда Нұрлан Қоянбаевтың «егізі» табылды
Желіде продюсер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевқа ұқсайтын адамның видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Вьетнамда автобус жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адамды желі қолданушылары продюсердің «егізі» деп атап кеткен.
Instagram-дағы Asospanov парақшасында жарияланған видео бірнеше күн ішінде 870 мыңнан астам қаралым жинады. Жазба авторы бұл адамның Вьетнамда автобус жүргізетінін айтып, әзіл ретінде оны Нұрлан Қоянбаевқа ұқсатқан.
Желі қолданушылары вьетнамдық азаматтың продюсерге қатты ұқсайтынын жарыса жазып, түрлі пікір білдірді:
«Вьетнамдағы қазақша бизнес» фильмі түсірілейін деп тұр ғой», «Нұрлан Қоянбаев бұл жігітті тауып алып, жаңа сценарий жазатын болды», «Тіпті тістеріне дейін ұқсайды», «Нұреке десек, жалт қарай ма?», деп жазды желі қолданушылары.
Видеоның кең таралғаны сонша, оны Нұрлан Қоянбаевтың өзі де көріп, Instagram-дағы парақшасын белгілеп кеткен.