Вейп пен энергетикалық сусынның кесірінен 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды
Әлеуметтік желіде 16 жастағы жасөспірімнен онкологиялық ауру анықталғаны туралы ақпарат тарады. Жақындарының айтуынша, ол үнемі энергетикалық сусындар ішіп, вейп қолданған, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның жақындары уақыт жоғалтпай, тезірек емдету үшін Үндістанға алып кеткенмен, жасөспірім қайтыс болған. Бұл туралы Threds желісінде әпкесі Перизат Болатқызы жазды.
Құрметті қазақ елі. Інімнің денесін елге тездетіп алып келуге көмектесіңіздерші. Елшіліктен көмек қажет. Қатерлі ісік дертінен ем аламын деп, Индияға кеткен болатын. Жүрегінің тромбы үзіліп, бүгін қайтыс болды, деп жазды ол.
Мамандар энергетикалық сусындар мен никотин өнімдерін шамадан тыс қолдану ағзаға ауыр салмақ түсіретінін айтады. Әсіресе жас ағза үшін мұндай әдеттер аса қауіпті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...