Владимир Зеленский Дональд Трамппен кездесті

Украина және АҚШ президенттері Рим папасының жерлеу рәсіміне барды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп Рим папасы Франциск I-нің жерлеу рәсімі аясында кездесу өткізді. Бұл туралы итальяндық БАҚ хабарлады. Саясаткерлер 21 сәуірде 89 жасында қайтыс болған Франциск папаның жаназасы басталмай тұрып, бірнеше минут әңгімелесті.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Зеленский мен Трамп әңгімелерін рәсімнен кейін жалғастыруға уағдаласқан. Бұл туралы Ақ үйдің коммуникациялар директоры Стивен Чун мәлімдеді.
«Олар бүгін жеке кездесіп, өте өнімді әңгіме өткізді», – деді АҚШ әкімшілігінің өкілі журналистерге.
Чун кездесуге қатысты толық ақпаратты кейінірек беретінін айтты.
Понтификтің жерлеу рәсіміне 160 делегация, оның ішінде 60-тан астам мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ЕО басшылығы қатысты.
Соңғы жаңалықтар





