Яна Легкодимованың анасы қызын өлтіргендердің қайда отырғанын біле алмай жүр

07.06.2026 13:28 Қарақат АСЫЛОВА
Яна Легкодимованың анасы қызын өлтіргендердің қайда отырғанын біле алмай жүр
226
«Олардың тиісті жерде отырғанына көз жеткізгім келеді»

Яна Легкодимованың анасы сотталғандардың қайда отырғанын біле алмай жүр, деп хабарлайды Politico.kz.

Марқұм Яна Легкодимованың анасы қызын өлтіргені үшін сотталғандардың нақты қай мекемеде жазасын өтеп жатқанын анықтауға тырысқан.Ол осы сұрақпен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми түрде жүгінгенімен, нақты ақпарат ала алмаған, 

Комитеттің жауабында сотталғандардың заңды күшіне енген үкім бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқаны ғана көрсетілген. Алайда олардың нақты қай түзеу мекемесінде отырғаны құпия ақпарат ретінде берілмейтіні айтылған.

Ведомствоның түсіндіруінше, сотталған адамның басқа мекемеге ауыстырылуы туралы мәлімет тек оның жақын туыстарына немесе өзі көрсеткен адамдарға ғана хабарланады. Сондай-ақ жеке іс материалдарындағы деректер жария етілмейді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде сотталғандар өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін «Қара бүркіт» мекемесіне жіберілгені туралы түрлі бейресми ақпарат тараған. Дегенмен бұл деректер ресми түрде расталмаған.

Марқұмның анасы мұндай сұрақты қызығушылықтан емес, сот үкімінің орындалуына көз жеткізу үшін қойғанын айтқан. Ол бұл оқиға әлі де өзіне ауыр тиіп жүргенін жеткізіп, қалыпты өмірге оралуға тырысатынын атап өткен.

Тергеу материалдарына сәйкес, Яна Легкодимова 2024 жылдың 18 қазанында жоғалып кеткен. Кейінгі тергеу барысында күдіктілер анықталып, қылмысқа қатысты іс сотқа дейін жеткен.

Войдите, чтобы оставить комментарий