Яндекс Go ҚҚС мөлшерлемесінің өсуіне байланысты такси бағасы қымбаттауы мүмкін деп алаңдауда

Яндекс Go ҚҚС мөлшерлемесінің өсуіне байланысты такси бағасы қымбаттауы мүмкін деп алаңдауда
12.03.2025 10:32
0
98
Фото BES.media
Жаңа салық жүйесі такси нарығын күйретуі мүмкін

Қазақстан үкіметі талқылап жатқан жаңа салық өзгерістері салдарынан такси қызметтерінің бағасы айтарлықтай көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ BES.MEDIA басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясында «Яндекс Go» платформасының өкілдері мен такси саласының мамандары мәлімдеді.

Егер үкімет ұсынылған салық өзгерістерін қабылдайтын болса, Қазақстандағы такси қызметтерінің бағасы күрт қымбаттауы мүмкін. «Яндекс Go» компаниясы Қазақстанда қосымша құн салығының (ҚҚС) жоғарылауы мен басқа да салықтық түзетулердің салдарынан такси бағасының өсетіні туралы ескерту жасады.

Қазіргі уақытта үкімет салық кодексіне мынадай өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр:

  • Қосымша құн салығының (ҚҚС) ставкасы көтеріледі.
  • ҚҚС төлеушілер тізіміне тіркелу талаптары күшейтіледі (жеңілдетілген режимде шектеу қойылады).
  • Жеңілдетілген декларация режимін пайдалануға рұқсат етілген қызмет түрлері қысқартылады.

Бұл өзгерістер енгізілсе, таксопарктердің шығыны көбейеді, жүргізушілердің табысы азайып, автопарктер жұмысын тоқтатуы мүмкін.

«Яндекс Go» өкілі Тайыр Байдуйсеннің айтуынша, салық міндеттемелерінің артуы жүргізушілердің табысын кем дегенде 10%-ға азайтады. Қазақстандағы 20 мыңнан астам таксист табыс көзінен айырылып, жұмыссыздар саны артады.

Фото BES.media

«Автокөліктер санының қысқаруы мен жалдау бағасының өсуі нәтижесінде көптеген жүргізушілер нарықтан кетуге мәжбүр болады. Бұл еңбек нарығындағы жағдайды нашарлатып, әлеуметтік шиеленіске әкеледі», – деді Тайыр Байдуйсен.

Яндекс Go компаниясы жаңа салықтар бойынша мемлекет органдарымен келіссөз жүргізуге және жағдайдан шығудың тиімді жолдарын іздеуге дайын екенін айтты. Дегенмен, компания жүргізушілердің шығындарын өз есебінен өтеу мәселесін талқыламады.

«Таксопарктер қиын жағдайға тап болады, бұл олардың дефолтына немесе автокөліктер жалдау бағасының өсуіне әкеледі. Салдарынан жүргізушілер көліксіз қалуы мүмкін», – деп түсіндірді «Яндекс Go» өкілі.

Салықтық өзгерістердің зардабы автопарктерге де ауыр тиеді. Қазірдің өзінде автопарктер салықтардың тұрақтылығына сүйеніп, көліктерді лизингке алған. Егер жаңа салықтар енгізілсе, көптеген таксопарктер банкротқа ұшырап, банктерге берешек көбейеді. Бұл мәселе автолизинг нарығын да қиын жағдайда қалдыруы мүмкін.

Такси саласының өкілдері үкіметтен қазіргі салық жағдайын сақтауды, ҚҚС мөлшерін 12%-дан асырмауды және таксистерге жеңілдетілген режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беруді талап етті.

Мәжіліс депутаттары бұл мәселені әлі зерттеп жатқанын айтты. Олар әзірге нақты шешімге келген жоқ, бірақ үкіметпен келіссөздер жүргізіп, мәселеге мұқият қарайтындарын жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий