Яндекс Таксиге Қазақстанда жаңа талаптар қойылды
931
Яндекс Таксиге бағаны 3 есе көтеруге тыйым салынды
Қазақстанда танымал такси қызметі часпик уақытта виртуалды кезек енгізуге міндеттелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау агенттігі Яндекс Такси қызметіндегі баға түзілуін тексеріп, бірқатар бағаға әсер ететін қауіптерді анықтады. Агенттік мәліметінше, кейбір мәселелер жойылса, қалғандарына қатысты нақты талаптар қойылды.
Енді Яндекс Такси келесі міндеттерді орындауы тиіс:
- Тасымалдау тарифі мен жол жүрудің базалық құны көтерілгені туралы 3 күн бұрын алдын ала хабарлау;
- Жол жүру құны базалық тарифтен екі есе асқан бөлігінен комиссия ұстамау, бұл – жүргізушілер табысын арттыру үшін;
- Ең танымал «Эконом» тарифі бойынша әр қалада комиссияны 2 жылда бір реттен жиі көтермеу;
- Мереке күндері немесе ауа райы нашарлаған кезде сұраныс шектен тыс артса да, бағаны 3 есе жоғары көтеруге тыйым салу. Мұндай қымбаттаған сапарлар әр қаладағы барлық сапардың 5%-нан аспауы тиіс (тоқсанына);
- 2025 жылдың 30 маусымына дейін қолданбада жол жүру құнының толық құрылымын көрсету (детализация) енгізу.
Агенттік мұндай шаралар такси нарығында ашықтықты арттырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...