«Ылғи байлардың қасында»: Нұрлан имам Динара Сатжанның күйеуіне шапан жапты

«Ылғи байлардың қасында»: Нұрлан имам Динара Сатжанның күйеуіне шапан жапты
22.09.2025 11:07
0
157
Фото: instagram.com/zhumabek_zhanykulov

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы журналист Динара Сәтжанның үйінде қонақ болды. Ол Динараның шақыруымен құран оқып, қоныс тойға қатысқан, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Сондай-ақ имам Динараның күйеуіне шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. 
Қоныс иесі – кәсіпкер әрі меценат Жұмабек Жанқұлов. Ол бұл жағдайға ерекше қуанышын білдірді:

«Жұрт имамдарға шапан жабады, ал менің имамым маған шапан жапты», – деп жазды кәсіпкер.

Ал Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі жазбасында:

«Алғашқы қоныс тойымыз өтті. Ата-анамыздың ақ батасын алдық. Нұрлан имам келіп, құран оқыды», – деп бөлісті.

Дегенмен, желі қолданушылары имамның бұл әрекетін құптай қойған жоқ. Олар:

«Қашаннан бері жеке имам болып кеткенсіз?», «Нұрлан имам кімдікіне шапан жабу керегін біледі», «Неменеге жапты?», «Ылғи байлардың қасында жүреді», «Жеке имамы несі?» – деген сынды пікірлер қалдырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий