Ыстамбұлдан Оспан батыр туралы құнды қолжазба табылды
518
Ыстамбұлдан әкелінген Оспан батыр туралы Нұрғожай батырдың қолжазбасы Алматыдағы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне тапсырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Құнды құжатты Нұрғожай батырдың немересі Бахадыр Хаджихан арнайы алып келген.
Қолжазбада бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістандағы қазақтарды езіп жаншыған Қытай губернаторы Шың Шы Сайдан азат етуге атсалысқан Оспан батырдың ерлігі, мергендігі, соғыстағы ерекше тактикасы жазылған.
Естеліктің жазылуына Оспан батырдың алғашқы сегіз комиссарларының бірі Нұрғожай батыр себепкер болған. Ол Оспан батырмен бірге жүріп, жауға қарсы соғысқан.
Әбдіуақап Қара, Мимар көркем өнер университетінің профессоры /Ыстамбұл
– Бұл атамыз өзі сауатты адам емес, өзі әскер болғанымен, жаза алмағаннан кейін 1984 жылы Шығыс Түркістаннан Сұлтан Оспанұлы деген жазушы келіп, бұл кісінің үйінде екі ай жатып, естелігін жазған. Сонда атамыз ақылды екен, ол жігітке сен не жазсаң да екеу етіп жаз, біреуін маған қалдырып кет. Сонымен екі естелік жазған біреуін алып кеткен. Әлгі кісі елген барған соң оны сол жақтағы сақшы орындары әлгі етелікті тартып алып жоқ қылып жіберіпті. Сондықтан Түркияда қалған естелік өте құнды.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
21:30
«Семей орманында» ақша үшін ағаштарды заңсыз ке...
02.10.2026
20:54
Мәмбет Қойгелді: Мұстафа Шоқай мен жарының сүйе...
02.10.2026
20:31
Мәмбет Қойгелді: Алаш болмаса, Сахарада қой бақ...
02.10.2026
20:28
СІМ соғыс аймағында жүрген қазақстандықтарға қа...
02.10.2026
19:24
Алматыда 9 жастағы балаға зорлық көрсетті деген...
02.10.2026
18:57
Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысын...