Заңсыз спирт өндірген зауыт басшысы билікке 20 мың доллар пара ұсынды
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте спирт зауытының қызметін тексеру барысында 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады,-деп хабарлайды politico.kz
Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған.
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарын орындау аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі)есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді.
Бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан (ҚР ҚМ 20 ақпан 2015 жылғы «Этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бекіту туралы» бұйрығы).
Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сату және қылмыстық жауапкершіліктен босатудағы жалпы қамқорлығы үшін 20 000 АҚШ доллар бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
10:25
«Ұнамаса, шығып кет»: Астанада мектептегі жанж...
31.10.2026
09:45
“Әжесінен алты ай бұрын алып кеткен”: Бес жасар...
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...