Заңбұзушылыққа жол берген әкім жұмыстан қуылды
2384
Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегін анықтап, жауапты тұлғаларға шара қолданды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Рейдтік іс-шара барысында дрондардың көмегімен Сауран ауданы аумағындағы Құрсай өзені бойындағы заңсыздық әшкереленді.
Белгілі болғандай, бұл жерде жер қойнауының тұтастығын бұза отырып, кең таралған пайдалы қазбалар, яғни құм-қиыршықтас қоспасы, заңсыз өндіріліп келген.
Прокуратураның мәліметінше, жер қойнауын бұлайша заңсыз пайдалану – халықтың наразылығын тудыратын және қоғамдық-саяси тұрақтылық пен қоршаған ортаға теріс әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып саналады.
Прокурорлық тексеріс нәтижесінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, Шаға ауылдық округінің әкімі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері де тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...