“Займ үшін”: Түркістан облысында әскери қызметкер мүгедек жігітті аяусыз өлтірген

“Займ үшін”: Түркістан облысында әскери қызметкер мүгедек жігітті аяусыз өлтірген
25.07.2025 12:59
0
644
Фото: Инстаграм/ Руслан Өтепбай

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 19 жастағы жігітті 14 жерінен пышақтап өлтірді. Сот алдында әскери қызметкер және қылмысты жасырған 2 жігіт жауапқа тартылып отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеп. 

Бұған дейін Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы қасақана адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. 

Марқұмның анасы Райхан Жамалованың айтуынша, 2- топтағы мүгедектігі бар 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары адам аяғы баспайтын жерге апарып, 14 жерінен пышақтап кеткен. Оқиға 20 ақпан күні болған. Ал Жасұланның мәйітін ауыл шопаны араға екі күн салып, 22 ақпан күні байқап, полицияға хабар берген екен. Көп ұзамай күдікті ретінде Жасұланның ауылдасы, әскери қызметкер ұсталып, 2 айға қамалды. Марқұмның туыстары, Жасұланды несие үшін өлтірді деп отыр. 

.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий