Зейнеткерлерге пойыз билеттеріне 25% жеңілдік берілетін болды

02.02.2026 14:52 Мөлдір Талғат
Зейнеткерлерге пойыз билеттеріне 25% жеңілдік берілетін болды
88
Фото: ашық дереккөз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 60 жастан асқан азаматтарға арналған жаңа жеңілдікті іске қосты, деп хабарлайды Politico.kz.

Енді зейнет жасындағы жолаушылар ел ішінде теміржолмен қатынағанда 25% жеңілдік ала алады. Ол үшін ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті.

Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда билет алуға мүмкіндік береді. Құны – 3000 теңге, жарамдылық мерзімі – 1 жыл.

Сонымен қатар 15–25 жас аралығындағы жолаушыларға арналған KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. Бұл карта арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға 33% жеңілдік қарастырылған. Картаның құны мен жарамдылық мерзімі де – 3000 теңге және 1 жыл.

Дисконттық карталар тек иесінің атына рәсімделеді және бөгде адамдарға берілмейді. Картаны теміржол вокзалдарындағы билет кассаларынан жеке куәлік арқылы алуға болады.

Жеңілдіктер мереке және демалыс кезеңдерінде қолданылмайды. Атап айтқанда, наурыздың 20–29-ы, желтоқсанның 25–30-ы және жаз айларында тоқтатылады.

Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасынан білуге болады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий