«Жағдайы алаңдатарлық»: Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды (ВИДЕО)
Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық Әсем Әубәкір табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы жоғалып кеткен қыздың әпкесі Рузана Жүсіпова айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қыз жергілікті полиция бөлімшелерінің бірінде. Іздеу жұмыстары сәтті аяқталғанымен, қазақстандық қыздың жағдайы жақындарын қатты алаңдатып отыр.
«Ол тірі, бірақ оның жағдайы алаңдатарлық. Тергеу жүріп жатқандықтан, әзірге толық мәлімет бере алмаймыз. Ең бастысы — оның табылғаны», — деді Әсемнің әпкесі.
Ол әзірге тергеу мүддесіне сай егжей-тегжейлі пікір беруден бас тартып отыр. Қызбен нақты не болғаны және осы уақыт бойы оның қайда болғаны туралы ақпарат әзірге жария етілмеді.
Рузананың айтуынша, қазіргі уақытта Әсемді елге қайтаруға қажет билет мәселесін шешу керек.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Әсем Әубәкір Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді. Әпкесінің айтуынша, ол соңғы рет 6 наурыз күні Вьетнамның Хошимин қаласынан байланысқа шыққан еді.
Последние новости