«Жағымсыз сөйлеген жандарға»: Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

28.10.2025 08:25 Айсұлу Мұрат
«Жағымсыз сөйлеген жандарға»: Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді
0
109

Президент қолынан марапат алған Тамара Асар ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

"Сынақтан кейін, СЫЙ алған күн… Алланың бұйыртқаны осылай екен. Бергенін жақсылығымен, қайырымен берсін. Ардақты АҒАЙЫН! Мені “Қазақстанның Халық әртісі” марапатыммен құттықтап жатқан қалың ел ҚАЗАҒЫМА бас идім. Құттықтаған жандардың әрқайсысының кеудесінде осындай алтын жұлдыз жарқырасын, - деді "Халық әртісі". 

Сондай-ақ ол 25 жылы өнерге адал қызмет еткенін, бұл атаққа лайық болғандығын жаза кетті. 

“Бұл қалай алды,не үшін алды?” - деген оймен, оған жақ пен тілге жағымсыз сөз қосқан жандар да менің сүйікті көрерменім.
Оларға түсіндіре кетейін: Мен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында қызмет етіп келе жатқаныма 25 жыл.
Маңғыстаудың тышқан мұрны қанатқан бір мерекесінен қалып көрмедім. Берілетін мемелекеттік айлыққа қанағат етіп, барлық шарасына шақырса да, шақырмаса да өзім барып, әлі күнге қатысамын. Жаңа костюм, жаңа репертуар барлығын бұлжытпай орындауға тырысамын. Маған туған жерім риза! Шүкір", - деп жазды Тамара Асар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий