Жахан Отарғалиевті әйелі тосыннан қуантты

Танымал шоумен, әзілкеш Жахан Отарғалиевтің келіншегі тосынсый жасады, деп хабарлады POLITICO.KZ.
Бұл туралы шоумен әлеуметтік желіде аидео жүктеді. Видеода Отарғалиевтің жаңа келіншегі алаңдап тұрғанын айтады.
"Әрдайым сен қуантып жүресің, енді менің кезегім", - дейді Жаханның әйелі.
Күйеуін біраз әуреге салып табыстаған сыйлығы - Ұмраға үлкен қажылық болып шығады. Алайда желі қолданушылары басқа сыйлық күткендерін жасырмады.
"Екі полоска күткендер біргеміз", "Мен келіншегіңін аяғы ауыр деп ойлап қуаныпп отыр едім", "Бұдан артық сыйлық болмайды ғой", "Аяғы ауыр ма деп қалдым! Аллаһтың мейірімі шексіз! Аллаһ осындай жаңалықпен сүйіншілесін сіздерді. Ата ана атаныңыздар", - деді желі қолданушылары.
Ал Жаханның өзі сыйлық үшін қатты қуанып, жылап жіберді.
"Мен күтпеген сыйлық. Аллаға шүкір!", - деп жазды әзілкеш.
Соңғы жаңалықтар





