"Жалақыны көтермеңіз!": Ақсақал экс-президентке күтпеген өтініш жасады

Түрікмен ақсақалы Бердімұхамедовке күтпеген өтініш жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы Түрікменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Түрікменстан парламентінде ел ақсақалы бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтен жалақы мен зейнетақыны көтермеуді сұрады. Ақсақалдың айтуынша, билік елді онсыз да жоғары өмір сүру деңгейіне жеткізіп, халықты бақытты еткен.
Бұл оқиға 19 қыркүйекте Түрікменстанның Халық Маслахатының (бізше парламентінің) отырысында болды. Сол жерде сөз алған Язмырат Атамырадов есімді ақсақал елдің «Арқадағы» Гурбангулы Бердімұхамедовке және оның президент ұлы Сердарға жүгінген. Ақсақал жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақы мен шәкіртақыны өсіруді тоқтатуға шақырды. Ақсақал мұндай әлемнің бірде-бір елінде жоқ екенін, ал билік халықтың жағдайын онсыз да жақсартып қойғанын алға тартты.
Сонымен қатар, ақсақал үнемделген қаражатты жалақыны көтерудің орнына, елді одан әрі дамытуға және басқа да маңызды бағыттарға жұмсау әлдеқайда орынды болатынын атап өтті. Бұл ұсыныстың қабылданатыны немесе қабылданбайтыны әзірге белгісіз. Дегенмен, елдің бұрынғы президенті ақсақал Атамырадовқа сөйлеген сөзі мен берген ұсыныстары үшін алғысын білдірді.
Соңғы жаңалықтар





