“Жалмауыз”. Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваны ерекше құттықтады
651
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваның туған күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Мамырдың бірі – мен үшін Бірлік, Ынтымақ немесе Халықтар достығы мерекесі емес. Бұл күн – 35 жылдық қарсыласым Айнұр Тұрсынбаеваның туған күні!» – деп әзілдей жазды ақын.
Ол Айнұрды “Жалмауыз, Мыстан, Кобра, Анаконда, Шаян, Бүйі, Жезтырнақ, Коуч, Мотиватор, Псих(олог)” деп қалжыңдай атап, оның түрлі қырларын сипаттады.
Ақын Тұрсынбаеваның отбасына да жылы лебізін білдіріп, «осындай керемет отбасынан осындай “нашар” адам шығады екен» деп жазды.
Пост соңында Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваны мақтаса да, даттаса да, одан артық дос таппайтынын ерекше атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...