“Жамбыл облысында ағаларынан бала босанған оқушы”: Қылмыскерлерге үкім шықты

Жамбыл облысында ағалары алты жыл бойы қарындасын зорлаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданының екі тұрғыны 12 жасар қызды зорлағаны үшін түрмеге қамалды.
Алты жасынан бастап қызды әкесінің ағалары жылдар бойы зорлаған.
Бірі 35, екіншісі 37 жаста. Бұл мектеп оқушысы жүкті болған соң ғана белгілі болды.
13 жасында ол зорлаушылардан бала туды. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұған дейін қызға барып, мәселенің ауқымы туралы айтқан болатын.
"Жақында Жамбыл облысында болып, көп жылғы зорлық-зомбылықтан кейін 13 жасында босанған қызды көрдім. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың көпшілігі өздеріне қарсы қылмыс жасалып жатқанын түсінбейді. Олар барлық отбасындағы балалар осылай өмір сүреді деп ойлайды", - деді ол Сенатта жасөспірімдер арасындағы жүктілік мәселесіне арналған дөңгелек үстелде.
Жақында сот зорлаушыларға үкім шығарды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі («Кәмелетке толмаған баланы зорлау») бойынша кінәлі деп танылды. Біреуі өмір бойына, екіншісі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Соңғы жаңалықтар





