Жамбыл облысында балалар жаппай уланды

22.01.2026 13:42 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Жамбыл облысында балалар жаппай уланды
270
Фото: ашық дереккөз

Меркі ауданында улану белгілері бар 22 -жасөспірім ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 21 қаңтар күні сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына «Тұран» демалыс орнынан 12–17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған 22 жасөспірім жеткізілді. 

Жасөспірімдер Қызылорда облысынан ауданға күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген. Оларға этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит алдын ала диагнозы қойылды.

Аурудың себептерін анықтау мақсатында науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған. Қазіргі таңда мамандар оның қорытындысын күтуде. 

Аталған жағдай бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар бұл факті Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Құзырлы органның тексеру қорытындысы негізінде тиісті процестік шешім қабылданады.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барып, жедел штаб отырысын өткізді.

Балалар медициналық бақылауға алынған, тиісті органдар тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Бұл демалыс орнына барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы қоныстанған. Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде, денсаулықтары қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілді, ауру белгілері анықталған жоқ, профилактикалық шаралар жалғасып жатыр.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий