Жамбыл облысында өгей ұлын азаптаған ер адам босатылды

Жамбыл облысында өгей ұлын азаптаған ер адам босатылды
26.08.2025 16:28
0
150
Фото: Видеодан кадр

Жамбыл облысында бірнеше жыл бойы өгей ұлын ұрып-соғып, қорлаған ер адам шартты түрде бостандыққа шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Тергеу мәліметінше, ер адам өгей ұлын жүйелі түрде ұрып, аш қалдырған, қол-аяғын байлап, сарай мен жертөледе қамаған. Ер адамның мұндай әрекетке баруының бір себебі баланың кәмпит жеп қойғаны екен.

Баланың анасы – аудандық білім бөлімінің қызметкері Гүлмира Маденова да бұл оқиғадан хабардар болып шықты. Ол күйеуінің мүддесін қорғады.

Бір жыл бұрын бала үйден қашып кеткен екен. Оны ауыл тұрғындары тауып алып, денесінде көптеген жарақат белгілерін байқаған. Оның құлағы мен мойнында сызаттар, қолында көгерген іздер болған. Бұған дейін Жуалы аудандық соты өгей әкені 4 жылға бас бостандығынан айырған еді. Алайда апелляциялық сотта ер адамның жазасы жеңілдетіліп, шартты жаза тағайындалған. 

 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий