Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Шамгунов Бауыржан ұсталды

Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Шамгунов Бауыржан ұсталды
07.10.2025 10:25
0
180
Фото: GOV.KZ
ORDA дерегі бойынша, шенеунік жеке сот орындаушыларын лицензиясынан айырмау үшін ақша алған

Жамбыл облысындағы Әділет департаменті басшысының орынбасары Шамгунов Бауыржан Нурланулы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды ORDA.

ORDA дерегі бойынша, Шамгунов жұмысында кемшіліктер анықталған жеке сот орындаушыларына көмектеспек болған. Ол белгілі бір ақшалай сыйақы үшін олардың лицензияларын, яғни жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттарын сақтап қалуға уәде берген. Алынған параның нақты сомасы әзірге жарияланған жоқ.

Шамгунов Бауыржан Нурланулы - 1982 жылы 21 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2003 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Шенеуніктің бүкіл мансабы осы Жамбыл облысының Әділет департаментімен байланысты. Мекеменің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, ол осы уақытқа дейін бірнеше басшылық қызметті атқарған. Атап айтқанда, зияткерлік меншік құқықтары бөлімін, жеке сот орындаушыларының қызметін қамтамасыз ету бөлімін, атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімін, сондай-ақ сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімін басқарған.

(Фото: Жамбыл облысының Әділет департаменті. 09.09.2022ж)

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий