Жамбыл облысының экс-әкімі 12 жылға сотталды

03.07.2025 15:24 Admin Admin
Жамбыл облысының экс-әкімі 12 жылға сотталды
0
364
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысының экс-әкімі 12 жылға сотталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Үкім Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды. Онымен бірге оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев та 11 жылға сотталды. Екеуі де аса ірі көлемде пара алу ісі бойынша айыпталған.

Сот залында үшінші айыпталушы – "Bazis Construction Infr" ЖШС бас директоры Андрей Поплавский де болды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында оның жалған құрылыс актілерін ұйымдастырғаны анықталды. Бұл құжаттар негізінде мемлекетке 1,9 миллиард теңге көлемінде залал келтірілген.

Облыстық соттың мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары қағаз жүзінде орындалғанымен, шын мәнінде жүзеге аспаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий