Жамбылда ер адам 10 жастағы ұлын өлтіріп тастады

09.06.2025 12:01 Мөлдір Талғат
Жамбылда ер адам 10 жастағы ұлын өлтіріп тастады
0
503
pexels.com

Жамбыл облысында 10 жасар баланың қаза болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ  MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өңірде бала асырап алған отбасылардың бірінде болған. Баланың өліміне дейін оған қатыгездік көрсетілген болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл отбасында тағы төрт асыранды бала тәрбиеленіп жатыр.

Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу жан-жақты, объективті және толық көлемде өтеді", — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий