Жамбылда келін енесін тақырға отырғызып кетті
570
Келіншек зағип енесінің атына несие рәсімдеп қашып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жамбыл облысында келіні зағип енесінің ұялы телефоны арқылы несие рәсімдеп, қашып кеткен. Жамбыл облысында сот енесінің атына бірнеше рет несие ресімдеп, Алматыға кетіп қалған әйелге үкім шығарды. Шығын 514 мың теңгені құрады.
Соттың мәліметінше, биыл наурыз айында келіншек қарт әйелдің көру қабілеті нашар екенін біліп, оны құжаттарды рәсімдеу үшін ЭЦҚ ашуға көндірген. Осы сылтаумен ол енесінің атына бірнеше онлайн несие рәсімдеп, қашып кетеді.
Полиция келіннің жеке басын анықтады. Әйел кінәсін мойындады. Сот шешімімен ол 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...