Жамбылда жас ана мен 2 жасар сәби тірідей өртеніп кетті
Жамбыл облысында жол апатынан көліктегі ана мен оның екі жастағы баласы өртеніп кетті.
Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қарашада кешкі сағат 20.50-де Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызға ие жолдың 369 шақырымында жол апаты болды.
Таразға бара жатқан "ВАЗ-2114" және BMW автомобильдері жол шетіне тоқтаған, бұл уақытта Mercedes автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, екі автомобильмен соқтығысқан. BMW автокөлігінің жүргізушісі мен оның кәмелет жасқа толмаған ұлы сол жерде қаза тапты, - деп хабарлады Жамбыл облысы полициясының департаменті.Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Mercedes автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...
10.11.2026
19:19
Стендап-комик Нұрлан Сабуровтан Ресейге оралу ү...
10.11.2026
18:58
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төле...
10.11.2026
18:36
Экономист ел экономикасының 4,5%-ға өсуін түсін...