«Жаңа дуэт пе, әлде жай хайп па?» Серік Ибрагимов пен Bayansulu-дың видеосы дауға қалды
Танымал әнші Серік Ибрагимов пен Bayansulu әлеуметтік желіде бірге түсірген жаңа видеосымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иелері трендке ілесіп, ортақ ролик жариялаған соң, желі қолданушылары олардың шығармашылық байланысына қызығушылық таныта бастады.
Көпшілік бұл видеоны «жаңа дуэттің бастауы ма?» деп қабылдап, жылы пікірлерін қалдыруда. Кей жанкүйерлер қос әншінің сахнада бірге ән айтуын асыға күтетінін жазса, енді біреулер олардың энергиясы мен үйлесімін атап өтті.
Алайда сынсыз да қалмады. Әсіресе Bayansulu-дың образына қатысты түрлі пікірлер айтылып, кей оқырмандар тым орынсыз, өткір сөздер қалдырған. Соған қарамастан, видео қысқа уақыт ішінде кеңінен тарап, талқылау тудырды.
Әзірге Серік Ибрагимов пен Bayansulu тарапынан дуэтке қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Десе де, желідегі белсенділік пен тыңдарманның қызығушылығы олардың алдағы уақытта ортақ шығармашылық жоба ұсынуы әбден мүмкін екенін аңғартады.
Соңғы жаңалықтар