"Жаңа отауымның төрінде тұрады": Мөлдір Әуелбекова жасауын көрсетті
541
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде көпшілікке жасауын көрсетіп, елді ойландырып қойды. Оқырмандар өнер иесі жақын арада тұрмысқа шықпақшы екенін болжауда.
Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында жасауын көрсетіп, көпшілікті қатты таңғалдырды. Өнер иесі ерекше дизайнда жасатқан көрпелері жаңа отауының төрінде тұратынын жазды.
"Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады! Құттықтап қойыңыздар", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл жазбасын бірден қызу талқыға салды. Көпшілік Әуелбекованың тұрмысқа шығайын деп жатқанын болжады. "Бақытты болыңыз. лайықтысыз",
"Тағы да тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?", "Біз бір рет те шықпадық. Мөлдір үшінші рет тұрмыс құрғалы жатыр", "Бақыт тілеймін. Бірақ жария етпей шыға салған дұрыс па еді", "Бағың ашылсын", "Сіз үшін қуаныштымын", - деп жазуда желідегілер.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...