Жаңа қызмет: Нәлібаев Тоқаевқа не баяндады
2380
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдап, өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамыту жоспарын талқылады, деп хабарлайды Politico.kz.
Кездесуде жаңа орынбасар ірі жобалардың қалай жүзеге асып жатқанын баяндады. Ол өңдеу саласындағы жұмыстарды таныстырып, құны жоғары өнім шығаруды көбейту және энергетика желілерін жаңарту жоспарымен бөлісті. Бұдан бөлек ол мемлекет басшысына көлік-логистика мен құрылыс саласындағы жағдай туралы мәлімет берді.
Жиын соңында Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдау және алдағы жылыту маусымына дайындықты қатаң бақылауға алу міндеттелді.
Еске салайық, 2022 жылдың сәуірінен бері Қызылорда облысын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев 2026 жылдың 6 мамырында қызметінен босатылып, премьер-министрдің бірінші орынбасары атанған еді.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
12:03
Дәрет сындырған видео: полиция шетелдік турист ...
25.09.2026
11:24
Каспийде көз жұмған әскерилердің жақындарына кө...
25.09.2026
11:04
Каспийде қаза тапқан БҚО-лық сарбаздардың фотос...
25.09.2026
10:59
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшіні...
25.09.2026
10:51
Каспийдегі сұмдықтан аман қалған сарбаз есін жи...
25.09.2026
10:10
Каспийдегі қайғылы оқиға: қызметіне салғырт қар...