Жаңа туған сәбиімен түрмеде отырған Жансұлу бостандыққа шыға ма?

Жаңа туған сәбиімен түрмеде отырған Жансұлу бостандыққа шыға ма?
16.06.2025 12:00
0
169
ашық дереккөзден

Жансұлу Дархамбаева ұлтараздықты қоздырғаны үшін екі жылға сотталды. Әйел түрмеде жүріп босанды, деп хабарлайды POLITICO.KZ ALASH.KZ сайтына сілтеме жасап.

Facebook-тегі Дархан Абдырахманұлының парақшасында Жансұлу Дархамбаеваны қолдау акциясы басталды. Ол – ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру”) екі жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Үкім шығарылған кезде Жансұлу жүктілігінің тоғызыншы айында болған.

Жүздеген қазақстандық әйел мен оның жаңа туған сәбиі – Ақниетті босатуды талап етуде. Олар билікті адамгершілікке шақырып, нәрестенің қандай жағдайда екеніне ерекше назар аударғанын қалайды.

Қазіргі уақытта бұл жарияланымды 500-ден астам адам қолдап отыр.

Бұған дейін Халықаралық шарттарды қоғамдық бақылау жөніндегі Қазақстан орталығының директоры Галина Моисеенко қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіріп, СҚО прокуроры Қайрат Абдихановқа ашық хат жолдаған болатын.

Онда ол бала құқығының негізгі қағидасы — баланың ең жоғары мүддесі тікелей бұзылып отырғанын атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий