Жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып өлтірген әйел айыппұлмен шектелді

Жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып өлтірген әйел айыппұлмен шектелді
12.08.2025 10:01
0
362
pixabay.com

Малайзияда сот бес жыл бұрын жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып өлтірген жергілікті тұрғынды бас бостандығынан айырмау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Free Malaysia Today хабарлады.

Сот үкім шығарарда айыпталушының 2020 және 2021 жылдары үш ай тергеу изоляторында отырғанын, сондай-ақ оның ауыр депрессиялық жағдайда болғанын ескерді. Сараптама нәтижесінде әйелдің қылмысты босанғаннан кейін, есі дұрыс емес күйде жасағаны анықталды.

Медициналық қорытындыда, егер ол түрмеге жабылса, денсаулығы едәуір нашарлауы мүмкін екені айтылған. Осы себепті судья 23 жастағы әйелді реабилитацияға жіберу туралы шешім қабылдады. Әйел өз әрекетіне өкінетінін айтып, әлі күнге дейін бұл оқиғаны ұмыта алмайтынын жеткізді. Қылмыс жасалған кезде оның жасы 18-де болған.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танығанымен, оның өз әрекетіне есеп бермегенін атап өтті. Әйел 100 мың ринггит (шамамен алты жүз мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий